2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда №5 және №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріі бойынша сайланған Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына  сайлауы өтті.

№5 сайлау округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1519 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 876 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Калашников Сергей Николаевич үшін сайлаушылардың 675 дауысы берілді,

         Қайыржанова Әйгерім Сәрсенбекқызы үшін сайлаушылардың 117 дауысы берілді.

         Ситникова Валентина Владимировна үшін сайлаушылардың 64 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11;

Сайлау қорытындысымен №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Калашников Сергей Николаевич, 1983 жылы туған, жеке кәсіпкер,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы тұрғыны сайланды.

 

№11 сайлау округі бойынша:         

Сайлаушылар тізіміне 1782 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1469 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 6 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Көкен Назарбек үшін сайлаушылардың 873 дауысы берілді,

         Өтепова Әсел Қайратқызы үшін сайлаушылардың 206 дауысы берілді.

        Фролов Сергей Николаевич үшін сайлаушылардың 276 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 95;

Сайлау қорытындысымен №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Көкен Назарбек, 1988 жылы туған, «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ  директоры,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы тұрғыны сайланды.

Ақкөл аудандық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 декабря 2024