2024 жылғы 31 наурызда өткен Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда өткен Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақкөл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына  сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1532 азамат енгізілді. Дауыс беруге -821 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 3 сайлау округі бойынша

Болпанов Дулат Болатұлы үшін сайлаушылардың 603 дауысы берілді,

         Қайыржанова Әйгерім Сәрсенбекқызы үшін сайлаушылардың 99 дауысы берілді.

         Оразбаева Вероника Маратқызы үшін сайлаушылардың 67 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 38;

 

Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Болпанов Дулат Болатұлы, 1976 жылы туған, «Медицина орталығы 36,6» ЖШС-нің директор орынбасары,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы тұрғыны сайланды.

 

Ақкөл аудандық

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024