Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылы 25 шілдеде Ақкөл ауданының Азат, Жалғызқарағай және Кеңес ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы үш округ бойынша өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл ауданының ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының сайлау нәтижелерін анықтады:

 

Азат сайлау округі

Азат ауылы әкімін сайлауы  бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 698 азамат енгізілді, олардың 582-сі дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 23.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Қылышпаев О.Қ. - 31; Хасенова Ж.И. - 35; Ыдырысов С.Ж. - 492.

Азат ауылының әкімі болып Азат ауылында тұратын,  «Азат ауылдық әкімінің аппараты» ММ әкімі, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған, 1966 жылы туған  Самат Жолдаспайұлы Ыдырысов сайланды.

 

Жалғызқарағай сайлау округі

Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 327 азамат енгізілді, оның 321-і дауыс берді Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген - 6.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Тілеухан А. - 42; Хасенов Қ.Қ. - 222; Шүленбекова Д.А. - 37. Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі болып Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылында тұратын, «Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі,   «Nur Otan» партиясынан ұсынылған, 1966 жылы туған  Қорықпай Құсатайұлы Хасенов сайланды.

 

Кеңес сайлау округі

Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1134 азамат енгізілді, оның 930-ы дауыс берді.  Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген - 35.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Қанатов Ә.С. - 822; Решевская Н.С. - 50; Садырбаев Т.С. - 14.  Кеңес ауылдық округінің әкімі болып Ақкөл қаласында тұратын,  «Ақкөл  ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, ҚХП ұсынылған,  1988 жылы туған Қанатов Әлібек Сағатұлы сайланды.   

  

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
26 июля 2021