Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № А-6/124 қаулысы
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № А-6/140 қаулысымен бекітілген «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ереженің 2-тарауының 16-тармағы келесі редакциядағы тармақшалармен толықтырылсын:
29) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
30) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
2
Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы __ _________
№ _________ қаулысына
қосымша
«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні