Урюпин ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және
олардың орналасқан жерлері туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы №29/56 «Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына, Ақкөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Урюпин ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын олардың орналасқан жерлері туралы хабарлаймыз.
№ 117 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Урюпинка ауылы, Кенесары атындағы көше 66, аудандық мәдениет үйінің ғимараты, тел: 8 (71638) 3-18-47.
Шекаралар: Урюпинка а., Мереке а.
№119 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Малоалександровка ауылы, Абай атындағы көше 23, бастауыш мектептің ғимараты, тел: 8 (71638) 2-49-95.
Шекаралар: Малоалександровка а.
№120 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Амангелді ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көше 2, негізгі орта мектебінің ғимараты, тел: 8 (71638) 2-44-97.
Шекаралар: Амангелді а.
№121 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Талқара ауылы, Болашақ көшесі 1, негізгі орта мектебінің ғимараты, тел: 8 (71638) 2-44-31.
Шекаралары: Талқара а., Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ерназар а.
Ақкөл ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С. Кенжетай