Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама

Ақкөл  ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлауды 

тағайындау туралы хабарлама

        Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының 113-1 баптың 1 тармақ 1 тармақшасына, 2 тармағына, 4 тармағына,  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы  "Ақкөл ауданы  Урюпин  ауылдық  округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы" №29/56 қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 19 шілдеге  Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.

       Бұдан басқа, Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды. 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 июня 2026