
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімдігі азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындарды қолданыстағы және талқылану үстіндегі нормативтік құқықтық актілермен таныстыру үшін ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинетін» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» құрды.
«Құқық кабинеті» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: «Әділет» ААЖ, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті», сондай-ақ халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
«Құқық кабинеті» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тұрғындарға құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің тұрғындары!
Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, төмендегі мекенжайда орналасқан «Құқық кабинетінің» қызметін пайдалана аласыздар:
Мекенжайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 39, «Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.
Байланыс телефоны: 8 (716) 3-71-01.
Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.