
Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Азат ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекенді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, ауылды абаттандыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша пікірлерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі салынып жатқан мәдени-спорт кешеніне барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол аталған нысанның ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігіне назар аударды.