Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 января 2024

 

Международное сотрудничество
Халықаралық ынтымақтастық
27 февраля 2020

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы Концепциясын, Бес институционалдық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының стратегиясын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру үздік халықаралық тәжірибені зерттеуді және бейімдеуді, сонымен қатар шетелдік әріптестермен тұрақты ықпалдастықты қажет етеді.

Осы тұрғыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда.

 

Халықаралық келісімдер базасы

 

Қазіргі уақытта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы негізгі халықаралық құжаттарды - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясын және Трансұлттық қылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясын ратификациялады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша 25 көпжақты және екіжақты келісім іске асырылуда.

 

Халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық

 

Агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Азия Даму Банкі сияқты беделді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік орнатқан.

Қазақстан Республикасы Агенттік арқылы Жемқорлыққа қарсы ведомстволар қауымдастығы (IACCA), Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі (ACN OECD), Азия даму банкі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академия және ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелігіне енген.

Агенттіктің өкілдері осы ұйымдардың жыл сайынғы отырыстарына және басқа іс-шараларына белсенді түрде қатысады.

 

БҰҰ-мен ынтымақтастық

 

Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы әмбебап құралы саналатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын іске асыру бойынша іс-шараларға қатысуда.

Конвенция негізгі бес бағытты қамтиды: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықты қылмыстандыру және заңдылықты қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық, активтерді қайтару, техникалық көмек пен ақпарат алмасу.

2009 жылдың қараша айында Доха қаласында қатысушы мемлекеттердің заңнамасын Конвенцияның ережелерiне сәйкестігіне шолу жүргізуді көздейтін Конвенцияның іске асырылу барысына шолу жүргізу тетігі қабылданды.

Осы механизмге сәйкес барлық қатысушы мемлекеттер Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау тұрғысынан тексерілуі керек. Өзін-өзі бағалау және алқалық бағалау негізінде механизм ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдары мен тәжірибелерінде кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Механизм барлық қатысушы мемлекеттерге қолданылады. Әрбір мемлекетке қатысты шолу Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ-ның кеңсесі Хатшылығының қолдауымен басқа екі қатысушы-мемлекет арқылы жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, 2013 жылы Қазақстан Лихтенштейнмен бірге Италия заңнамасына, ал 2014 жылы Угандамен бірлесіп Үндістанның заңнамасына шолу жүргізді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

халықаралық академиямен ынтымақтастық

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен және Еуропалық Одақтың Алаяқтыққа қарсы бюросымен бірлесе отырып Австрия Үкіметімен құрылды.

Халықаралық ұйым ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академияны құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы шешім 2013 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданды.

Академия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алдыңғы қатарлы білім мен тәжірибе, қызметкерлерді оқыту, ғылыми зерттеулер орталығы болып табылады және мынадай негізгі мақсаттары бар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте кәсібилік, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарттары мен тиімді тетіктерін әзірлеу.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Агенттік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Осы меморандумның шеңберінде 2019 жылдың 26-27 қарашасында Агенттік Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинар өткізді.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен ынтымақтастық

 

Қазіргі кезде Агенттік Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ-мен бірлесіп «Мемлекеттік аппараттың кәсіби қызметінің механизмдерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың кәсіби қызметін дамытуға, сапалы қызмет көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейтуге және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыруға жәрдемдесу арқылы мемлекеттік органдардың тиімді, ашық және есеп берушілік жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Агенттік Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы хабпен ынтымақтастық құрған. Бірлескен жоспар аясында, түрлі іс-шаралар, соның ішінде конференциялар, семинарлар, тренингтер және зерттеулер өткізілуде.

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық

 

Агенттік ЭЫДҰ-мен бірқатар бағыттарда, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стамбул іс-қимыл жоспары аясында қызмет етеді.

Жалпы, Стамбул жоспары бойынша Қазақстан мониторингінің үш кезеңі өтті.

Стамбул жоспарының соңғы аралық есебінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруы бойынша оң динамика атап өтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан 2004 жылдан бері ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің мүшесі ретінде оның қызметіне белсенді түрде қатысуда.

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі желісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға жәрдемдесу, ақпарат алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы озық әдістерді әзірлеу, сондай-ақ донорлық ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша аймақтық форум ретінде 1998 жылы құрылды.

2015 жылы ЭЫДҰ сарапшыларымен Қазақстанда Integrity Scan парасаттылық жүйелеріне зерттеу жүргізу жұмысы басталды.

Integrity Scan - тиісті басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы көптеген ЭЫДҰ стандарттары, сондай-ақ басқа да ұйымдар белгiлеген бірқатар стандарттар тұрғысынан елге шолу жасауды көздейтін ЭЫДҰ-ның жаңа бастамасы.

Бұл зерттеулерді жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар: Ұлттық экономика министрлігі және Агенттік болып табылады.

 

Жемқорлыққа қарсы ведомстволардың халықаралық қауымдастығымен ынтымақтастық (IACCA)

 

Халықаралық қауымдастық 2006 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жүзеге асыру тиімділігін көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың өзара консультацияларды қамтамасыз етуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге жәрдемдесу мақсатында құрылды. Агенттік 2006 жылдың желтоқсан айынан бері Қауымдастықтың толық мүшесі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Call-орталығының қызметі туралы ақпарат
27 февраля 2020

CALL ОРТАЛЫҒЫ қоңырау шалу тегін

 

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сall-орталық жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

 

Азаматтарға кеңес беру:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кіру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

 

Хабарламаларды қабылдау:

  • сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы;
  • кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар)

 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Call-орталығының жұмыс кестесі

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыру және кеңес беру:

Дүйсенбі – Жұма 09: 00-20:00

Сенбі 09:00-13:00

Жексенбі – демалыс

 

(Азаматтардың назарына! Туындаған барлық мәселелер бойынша Call-орталығының жұмыс уақытынан тыс уақытта сіз қызықтыратын сұрақты, аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді көрсете отырып, дауыстық хабарлама қалдыра аласыз. Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз)

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және дайындалып жатқан қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау:

Тәулік бойы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Жиі қойылатын сұрақтар
27 февраля 2020

1. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық деген не?

Жауап: Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

 

2. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дегеніміз не

Жауап: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

 

3. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық тәуекелі деген не?

Жауап: Сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

 

4. Сұрақ: Шенеунік ұғымына кім жатады?

Жауап: Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

 

5. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет не істейді?

Жауап: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.

 

6. Сұрақ: Пара дегеніміз не?

Жауап: Пара – белгілі бір мәселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақша, бағалы қағаз, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық. ҚР қылмыстық заңы бойынша Пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу  мемлекеттiк қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар қатарына жатады. Лауазымды адамның қорқытуымен Пара берген немесе өз еркімен құқық қорғау органына хабарлаған Пара беруші қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

 

7. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған азамат қандай сыйақы ала алады?

Жауап: Көтермелеу, егер адам ұсынған ақпарат шындыққа сәйкес келген жағдайда және кінәлі адамға қатысты жүзеге асырылады:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылса.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес көтермелеу құқық бұзушылық санатына байланысты белгіленеді.

30 АЕК-ке дейін азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін ынталандырылады.

40 айлық есептік көрсеткіш азаматтарға ауыр емес қылмыстар туралы, орташа ауырлықтағы 50 АЕК, ауыр қылмыстар туралы және аса ауыр қылмыстар туралы тиісінше 70 АЕК және 100 АЕК хабарламалары үшін тиесілі.

Ақшалай сыйақыдан бас тартқан кезде грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу белгіленуі мүмкін.

 

8. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған азамат немен қорғалады?

Жауап: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермелейді.

 

9. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен соқтығысу кезінде қайда және қалай жүгінуге болады?

Жауап: Өтінішті беруге болады:

 - Жазбаша мекен-жайы: 010000, Нұрсұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37. және оның аумақтық департаменттері.

 - "Электрондық үкімет" порталы арқылы egov.kz электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда.

 - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-center-не 1424 нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін).

 

10. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке құқық қорғау қызметіне кіру тәртібі?

Жауап: ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес құқық қорғау органдарына қызметке тұру конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Агенттікте конкурстық рәсімдерді өткізу тәртібі Агенттік Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен бекітілген (ҚР ӘМ 07.08.2019 ж. №19210 тіркелген) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында конкурс және тағылымдама өткізу ережесімен регламенттеледі.

Жоғарыда көрсетілген Ереженің 3 тармағына сәйкес конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:

1) Конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

2) конкурстық комиссияны құру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

4) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылар құжаттарының "құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауы; ;

5) Медициналық және психофизиологиялық куәландыру;

6) полиграфологиялық зерттеу;

7) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;

8) әңгімелесу.

Кандидатты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы шешімді (ұсынымдарды) конкурстың алдыңғы кезеңдерінен өту Нәтижелерінің жиынтығы негізінде әңгімелесу қорытындылары бойынша конкурстық комиссия қабылдайды.

 

11. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар?

Жауап: Құқық қорғау қызметіне түсетін үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар "Құқық қорғау қызметі туралы"Заңның 6 және 10-баптарымен регламенттеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары Агенттік Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен бекітілген (ҚР ӘМ 07.08.2019 ж. №19210 тіркелген) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында баяндалған.

 

12. Сұрақ: Басқа құқық қорғау органдарынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ауысу тәртібі?

Жауап: Құқық қорғау органдары арасындағы қызметкерлерді ауыстыру (іссапарға жіберу) "құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 46-бабымен реттеледі, оған сәйкес қызметкерді іссапарға жіберу үшін құқық қорғау органының оны іссапарға жіберуге жазбаша сұрау салуы және қызметкердің баянаты негіз болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама бойынша басшылық
27 февраля 2020

Құрметті сайт қонақтары!

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша агенттіктің аумақтық департаменттеріне хабарлайаласыз.

Өтінішті беруге болады:

1. Пошта мекенжайы бойынша жазбаша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37.

2. «Электрондық үкімет» порталы арқылы egov.kz электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда.

3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Call-center 1424 нөміріне хабарласу арқылы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда не істеу керек?
27 февраля 2020

Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) келесі тәсілдердің бірімен хабарласу қажет:

  1. Пошта мекен-жайы бойынша жазбаша: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 үй, немесе тұрғылықты жер бойынша Аймақтық департаменттерге;
  2. kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисіарқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның – ЭЦҚ болуы талап етіледі);
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша.

 

Сыбайлас жемқорлық туралы өтініштер қалай қаралады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш түскен кезде ол ведомстволық ақпараттық жүйеде тіркеледі, содан кейін оны іс жүргізу офицері және қызмет басшылығы қарайды.

Бұдан әрі өтінішті Қылмыстық немесе Қылмыстық емес деп бөледі.

Егер арыз қылмыстық деп танылса, онда ол ақпаратты есепке алу кітабында (АЕАК) тіркеледі және одан әрі келесі іс-әрекеттердің бірі жүзеге асырылады:

  1. Өтініштерді аумақтылығы және ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберу;
  2. Соттылығы бойынша өтініштерді тиісті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жолдау;
  3. Тергеуге дейінгі тексеруді тіркеу және жүргізу;
  4. Нарядқа есептен шығару (қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе құрамы болмаған жағдайда).

Егер өтініш қылмыстық емес деп айқындалса:

  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы хабарлама тиісті түсіндірулермен өтініш берушіге қайтарылады;
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ьұлғалардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне жасалған шағымдар прокуратураға жіберіледі.

Әрбір жағдайда өтініш беруші қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етіледі.

 

1424 Call-орталық арқылы жүгіну

1424 Саll-орталығы азаматтарға келесі мәслелер бойынша кеңес береді:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

Хабарламаларды қабылдау:

  • сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;
  • Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар).

 

1424 Call-орталығының жұмыс кестесі

Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 439-бабына сәйкес:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы іс-әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда жеке тұлғаларға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. 

Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді: 

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш;
  2. сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 
  3. сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 
  4. ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 
  5. аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Көтермелеу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған, жауаптылыққа жататын адамдарға қолданылмайды.

 

Өтініштерді қабылдау тәртібі

Жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздары ауызша және жазбаша немесе электрондық құжат нысанында болуы мүмкін.

Жазбаша өтінішке немесе электрондық құжат нысанындағы өтінішке өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, беріп отырған тұлғаның өзі қол қоюға тиіс.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда өтініш беруші, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны туралы, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер болуға тиіс. Хаттамаға өтініш беруші мен өтінішті қабылдаған лауазымды тұлға қол қояды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған ауызша арыз тергеу әрекетінің тиісті хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабарламасы және заңды тұлғаның өтінішін растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.

Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, өтініш берушіге көрінеу жалған ақпарат жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда немесе хаттамада белгі жасалады, ол өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін уәкілетті органдарға тексерулер мен тексерулер жүргізуді талап ететін арыздар мен хабарламалар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркеусіз үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жасырын хабарлама сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін себеп бола алмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың алған сыйлықтарын өткізу бойынша жаднама
27 февраля 2020

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың (бұдан әрі – тұлғалар)алған сыйлықтарын мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi органға немесе жергілікті атқарушы органға өткізуі туралы

ЖАДНАМА

 

1. Тұлға сыйлық алғанын (алғанын білгеннен) кейінгі 7 күнтізбелік күн ішінде (білмей келіп түскен; тұлғаның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндетттерін атқаруына байланысты; жариялы түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) өткізеді.

Сыйлықты өткізу тұлғаның сатып алу не болмаса сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) тіркей отырып белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО түзген мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісімен жүргізіледі. 

 

2. Хабарлама төмендегідей мәліметтерді қамтуы тиіс:

уәкілетті органның немесе ЖАО атауы;

сыйлықты өткізуші тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;

сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы;

сыйлықты сатып алуға немесе сатып алудан бас тартуға келісімі туралы ақпарат;

Ал сыйлықты сатып алған жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлға хабарламаға сатып алу келісімі туралы белгі (Аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолтаңбасы) қояды.

3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға өткізген кезде, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға өткізілген сыйлықтар уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген мерзімде есепке алу, сақтау және бағалау үшін тапсырылуға жатады.

4. Уәкілетті орган сыйлықты өткізген тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейінгі 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықтың бағалауын жасайды және көрсетілген тұлғамен сатып алу-сату туралы шарт жасасады.

Тұлғалардың ЖАО-ға өткізген сыйлықтары бойынша бағалау жасау және сатып алу-сату туралы келісім жасасу мерзімі жергілікті атқарушы органынан тиісті хабарлама алған сәттен бастап есептеледі.

5. Уәкілетті орган арнайы мемлекеттік қордағы сыйлықты үшінші тұлғаларға сатуға сыйлықты өткізген тұлғаның сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сатуға құқылы.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 472 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүліктерді толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жаауапкершілік қарастырылған.

Уәкілетті орган мекен-жайлары туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

 

                                                                              Жадынамаға қосымша   

 

                   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 

Аумақтық бөлімшелерінің тізімі

 

     № п/п

 Атауы

Мекен-жайы

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

010000,  Астана қ.,

 Әуезов көшесі 14

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

050051,  Алматы қ., Достық даңғылы, 134

3

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

020000, Көкшетау қ.,  М. Әуезов көшесі, 230

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

030020, Ақтөбе қ.,

Ш. Қалдаяқов көшесі, 33

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

040000,Талдықорған қ.,

Тәуелсіздік көшесі, 75

6

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы

050000, Алматы, қ.

Желтоқсан көшесі, 114

7

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

060002,  Атырау қ.,

Абай көшесі, 10а

8

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

070004,  Өскемен қ.,

Крылов көшесі, 114

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Семей филиалы

071405, Семей қ., Интернациональная көшесі, 38

10

 



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

080009,  Тараз қ.,

Әл-Фараби көшесі, 11

11

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

090006, Орал қ.,

Достык-Дружба даңғылы, 208

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

100000, Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы

100602, Жезқазған қ., Гагарин даңғылы, 37А

14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

110000, Қостанай қ.,

Гоголь көшесі, 75

15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

120001, Қызылорда қ., Д.Қонаев көшесі, 7 "А"

16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Маңғыстау ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

130000, Ақтау қ., 9 м/а, 23 үй

17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

160011, Шымкент қ., Ильяев көшесі, 24

18

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

140000,  Павлодар қ., Академик Сәтпаев көшесі, 136

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

150000, Петропавл қ.,

Советская көшесі, 34

20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр ​​мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

468320,  Байқоңыр қ., Королев даңғылы, 33

 

 

Іздеу
Іздеу
27 февраля 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
27 февраля 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Парасаттылық парақорлықтан сақтандырады
23 января 2020

Жемқорлықты түп-тамырымен жою – күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп,  осы бағыттағы іс-шараларды күшейту үшін өз Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін  қайта құрғаны белгілі. Біз агенттік төрағасы Алик Шпекбаевпен арнайы жолығып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде сұрап білдік.

 

Көп асқанға – бір тосқан

Алик Жатқамбайұлы, былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құру кезінде жаңа департаменттер ашу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде квазимемлекеттік секторда жемқорлықтың жолын кесу арнайы бір департаментке жүктеліпті. Нәтижесі қалай болып жатыр?

Өздеріңізге мәлім, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгілеп, әрдайым назарында ұстаған болатын. Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен Агенттік қайта құрылғаннан кейін, оның идеологиясы мен жұмыс тәсілдері де өзгерді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында әділдік, сенім және парасаттылық құндылықтарына негізделген түбегейлі бетбұрыс жасап жатырмыз. Үкіметтің былтыр 15 шілдеде өткен кеңейтілген отырысында Президент квазимемлекеттік сектордағы субъектілер қызметінің тиімділігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау және сот жүйесін реформалау туралы мәселе көтерген болатын. Осыған орай Агенттік былтыр квазимемлекеттік сектордағы, құқық қорғау және сот органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу міндеттерін іске асыратын дербес департамент құрды. Оның құзіретіне құқық қорғау және сот саласының мекемелері, сондай-ақ аудандық құрылымдарға қоса республикалық және облыстық деңгейдегі 154-тен аса мекеме кіреді. Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан еншілес компанияларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың 58 шаруашылық субъектісі бар. Сектордың қаржылық айналымы елдің ішкі жалпы өнімінің 59%-дан астамын құрайды және 35 триллион теңгеден асады. Бұл – жемқорлыққа бейім кейбір басшылар мен қызметкерлердің бюджет қаражатын жымқырудың түрлі жолдарын жасауына түрткі болады. Аталған департаменттің жұмысы сондай жүйелі жемқорлық фактілерін анықтауға бағытталған.

Жалпы, мемлекеттік органдармен қоса, сыбайлас жемқорлыққа бейім келетін квазимемлекеттік секторда былтыр 324 құқық бұзушылық тіркелді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 196 тұлға жауапкершілікке тартылды, олардың жартысына жуығы, 82-сі – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Негізінен сатып алу, мемлекеттік бағдарланы іске асыру кезіндегі жымқыру, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлықпен тұтылғандар.

Квазимемлекеттік сектор ұйымдарының арасында жемқорлыққа ең бейім «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ қызметінде 45 тұлғаға қатысты 81 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 34 тұлға сотталды. Кейбір басшылар вагондарды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаумен айналысқан. Бұл ұйымдасқан қылмыстық схемалар заңсыз баюға мүмкіндік беріп, пара сомасы 100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін жеткен. Мұндай фактілер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды.

Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру фактілері акционерлік қоғамдардың корпоративтік қорлары құратын жеке мекемелерде де анықталды. Мысалы, «Astana Motorsports» мекемесінің басшысы («Астана» Президенттік спорт клубының құрамында) Артур Ардавичус әлем чемпионаттарына қатысып, Қазақстанның имиджін арттыруға арналған 2,1 млрд теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл қаражат команда мүшелерінің оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға қатысуға арналғаны анықталды. А.Ардавичусқа халықаралық іздеу жарияланып, тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

«Astana Motorsports» басшысына халықаралық іздеу жарияланғанын айтып қалдыңыз. Жалпы қазір шетелдерде қанша адам жасырынып жүр? «Астана LRT» жобасына қатысты айыпталған азамат та шетелде жүр. Бұл жобаның төңірігіндегі дау-дамай қалай шешіліп жатыр?

Жалпы, шет мемлекеттерде жасырынған, халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматтарын іздеу Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен бұйрықтарының негізінде және еліміздің құзіреттi органдарының Интерполмен өзара іс-қимылы арқылы іске асырылады. Қазіргі таңда Агенттік алыс және таяу шетелдерде жасырынған 33 тұлғаны іздестіруде. Соның 21-і Еуропа елдерінде жасырынып жүр. Біз тиісті жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.

Ал «Астана LRT» құрылысы жөніндегі мәселеге келсек, бұл – Мемлекет басшысының және қоғамның жіті назарында. Былтыр 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Президент осы даулы істі тергеуді жеделдетуді тапсырған еді. Бүгінде  «Астана LRT» құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасымен үш күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Іздестіруді өкілетті органдар, сондай-ақ Интерпол жүргізеді. Тиісті заңнамаларға сәйкес, іздестірілетін тұлғалардың жүрген жері анықталғаннан кейін оларды ұстау және Қазақстанға қайтару шаралары қабылданады. Бұл мәселе халықтың ерекше назарында екенін ескеріп, Агенттік былтыр БАҚ өкілдері үшін 2 мәрте баспасөз мәслихатын өткізді. Тергеу кезінде анықталған фактілерді жұртшылыққа уақтылы жеткізуге және бөлісуге тырысамыз.

– Қазақстан шетел асқан қылмыскерлерді жазалауға ықпал ететін Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) бастамасына қосылды ғой. Бұл мүшеліктің жалпы қандай мүмкіндіктері бар?

2019 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы ГРЕКО және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойып, Қазақстан аталған ұйымның 50-ші мүшесі болып танылды. Таяуда ғана 15-16 қаңтарда ГРЕКО Атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито елімізге алғашқы сапармен келіп, Президентпен, менімен және Жоғарғы сот төрағасымен, құзіретті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Ең бастысы, бұл мүшелік Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын халықаралық сарапшылардың объективті бағалауына жол ашады. Сондай-ақ, ГРЕКО жұмысына белсене қатысу әрі қарай сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияны ратификациялауға мүмкіндік береді. Келешекте бұл Еуропа елдерімен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олардың заңсыз иемденген мүліктерін қайтару мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.

 

Қарамағындағы қызметкер үшін әрбір басшы жауапты

– Президент өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек екенін айтты. Соған орай, бағынышты қызметкері жемқорлықпен ұсталған басшының қызметтен кетуі қоғамда көп талқыланды. Осы мәселеге тоқталсаңыз.

Президент былтыр 26 қарашада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың дербес жауапкершілігін қарастырған заңнамалық түзетулер пакетіне қол қойды. Заңның жаңа редакциясына сәйкес саяси басшының өз қызметін доғаруға өтініш беруінің басты шарты – оған тікелей бағынышты қызметкерге қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі болуы немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің қабылдануы. Басшының жұмыстан кетуге өтініш беретін мерзімі – 10 күнтізбелік күн. Екінші шарт – тікелей бағынышты қызметкер жасаған қылмыс басшы саяси лауазымға тағайындалған күнінен бастап 3 ай өткеннен кейін жасалуы. «Қызметтен кету» түсінігі тек саяси қызметшілерге қатысты қолданылады. Жұмыстан кетуді қабылдау немесе қабылдамау саяси мемлекеттік қызметшіні тағайындаған тұлғаның құзіретінде.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып саналатын басшылар осыған ұқсас жағдайларда жұмыстан босатуға дейінгі тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік субъектілердің басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды өз міндетінде жүйелі екермегені үшін тәртіптік санкциялар енгізілген. Мен бұл мәселе бойынша былтыр 6 желтоқсанда Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшамда арнайы жазба жариялаған болатынмын. Біздің міндетіміз – басшыларды өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен және ескертумен сөз жүзінде емес, іс жүзінде айналысуға мәжбүрлеуге саяды.

Жалпы кейбір жоғары лауазымдағы тұлғалар ұсталып кеткенімен, олардың орнын басқан қызметкерлер де жемқорлықпен шатылып жатады. Неге мұндай жаманат жағдайлар кейінгілерге сабақ болмайды? Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолы қайтсе кесіледі?

Өкінішке қарай, сіз айтқандай фактілердің орын алғанын мойындауға мәжбүрмін. Бұл мәселені моральдік тұрғыдан тарқатып көрейін. Шындығында, кейбір басшылар өкінішті істен сабақ алудың орнына, сол отқа қайта түсіп жатады. Адамның өкінішті немесе өнегелі іс-әрекеті оның бойындағы моральдік-адамгершілік қасиеттерінің тереңдігіне байланысты деп ойлаймын. Біз «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деп өмір сүрген ата-бабаның ұрпағы емеспіз бе? Таяуда ғана Президент Қ. Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында халқымыздың дана перзенті Абай Құнанбаевты «бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» деп атап өтті. Ендеше, біз осы жаһандану заманында жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуіміз және «көнерген» түсінік пен «қалтаның ғана қамын» ойлайтын қамсыздықтан арылуымыз қажет деп санаймын. Елбасы айтпақшы, «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы». Сондықтан біз әрдайым Абайдың сарқылмас терең философиясына жүгінеміз. Ұлы ойшыл «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп алдымен арды асқақтатқан. Ар-ұяты терең, ынсапты, тәрбиелі және адал адам ешқашан «ала жіпті аттамайды» деп сенемін. Кемеңгер ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Сондықтан, тәрбиеге аса мән беру керек. Тәрбиесіздік тойымсыздық пен түрмеге жетелейді, ал қанағат қарын тойғызады. Осы ретте, кез келген қызметкер «қалта мен қарынның» қармағынан шығып, жемқорлықты өзінің ертеңгі ұрпағының бақытты болашағын ұрлау, тұтас Отанына жасаған опасыздық ретінде түсініп, парасаттылық және ізгілік қағидаларын ұстанса, Қазақстан келешекте жемқорлықсыз мемлекетке айналады деп сенемін. Менің ойымша, жемқорларды түрмеге тоғыту, қоғамды үнемі қорқынышта ұстау жемқорлықты түбегейлі жеңе алмайды. Бізге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, оған жол бермеу және жемқорлықты мәнсіз ету – өте маңызды. Парасаттылық идеологиясын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы табыстың басты факторы.  Осыған орай, Агенттік үкіметтік емес сектор мен сарапшылардың әлеуетіне сүйене отырып, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру арқылы жемқорлыққа қарсы күресті арттыруға күш салуда.

Негізі, барлық басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес міндеттелген. Заңда көзделген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторинг жүргізудің тиімді тетіктері арқылы кез-келген басшы ұжымда жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын алу және жоюға қатысты тиісті шаралар қабылдай алады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек уәкілетті органның ғана емес, барлық басшылар мен мемлекеттік қызметшілердің, тұтас қоғамның міндеті әрі азаматтық борышы деп санаймын.

Агенттіктің кадр саясаты, қызметкерлер іріктеу жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

– Таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жас кадрлар резервінің мүшелерімен кездесу барысында «Әр заманда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады. Осылайша ұлтты биікке жетелейтін,  жаңаша дамуға бастайтын шоғыр қалыптасады. Жаңа Қазақстан үшін де осындай маңызды әрі жауапты сәт келді деп санаймын»,  деді. Аталған кадр резервіне Агенттіктің орталық аппараты мен территориялық департаментінің 5 қызметкері өтті. Осыған орай, Агенттік жұмысына жасампаз, жаңашыл жастарды тарту басымдыққа ие. Былтыр Агентікті қайта ұйымдастыру барысында қызметкерлердің басым көпшілігі өз бағыттарын сақтап қалды. Бізде берік ұстанатын меритократия қағидатына сәйкес жүзден аса қызметкер жоғары лауазымдарға тағайындалды. Жеке құрам басқа құқық қорғау және арнаулы органдардың жоғары білікті мамандарымен күшейтіліп, ұлттық қауіпсіздік органының – 13, прокуратураның – 23, азаматтық сектордың – 17, Президент Әкімшілігінің 5 қызметкері қабылданды. Жалпы, кадр саясатында отандық және шетелдік жетекші білім ордаларын бітіргендерге басымдық береміз. Агенттікте қазір шетелдік жоғары оқу орындарының 17 түлегі жұмыс істейді, оның 7-еуі «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен оқыған. 3 қызметкер PhD дәрежесіне ие, 6 ғылым кандидаты, 96 магистр бар. Агенттікте жұмыс істеуге сұраныстың өте жоғары екенін атап өткен жөн. Әкімшілік лауазымдар бойынша конкурстарда бір бос орынға үміткерлер саны 25 адамға дейін жетуі – осының айғағы. Былтыр қызметкерлердің жаңа генерациясын қалыптастыру және жастар жылын қолдау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 30 жаңа тұлғасы» атты рекрутингтік жоба іске асырылды. Конкурс нәтижесінде 25 үміткер қызметке тағайындалды. Біз кадр саясатын жаңғырту және дәйекті жүргізу арқылы азаматтардың жоғары сенімін қамтамасыз етуді көздейміз. Осы ретте қабылданып жатқан шаралар мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің халыққа адал және қалтқысыз қызмет етуіне ықпал етеді деп үміттенемін.

Ашықтық  жемқорлыққа қарсы күреске септеседі

Ашықтық пен әділдік – сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі қағидат. Осы ретте еліміздің өңірлерінде жүзеге асып жатқан «Адалдық алаңы» жобасының тиімді тұстарын айтып берсеңіз.

Азаматтық қоғаммен ашық және айқын қарым-қатынас орнату – мемлекеттік аппаратты дамытудың басты қырының бірі. Біз үшін ең алдымен ашық, тиімді құқық қорғау органын және қоғамдық диалог құру маңызды. Жемқорлыққа қарсы жобадан жалпыұлттық қозғалысқа айналып, күн өткен сайын қарқын алған «Адалдық алаңы» жобасы осы өзгерістердің басында тұр. Бүгінде «Адалдық алаңының» жобалық кеңселері облыстық әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдарда тұрақты жұмыс істейді. Үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдерінің, танымал қоғам қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауымен асырылатын жоба өз тиімділігін көрсетті.

«Оpen space»-ке көшу арқылы мемлекеттік органдарды трансформациялау жалғасуда. Бұл форматқа 960-қа жуық мемлекеттік мекеме көшті. Жүзден аса сервистік әкімдік ашылып, 4 мыңға жуық басшы бірінші қабатқа ауысты. Мұндай жаңа тәсілдер шенеуніктердің ұйымдастырушылық мәдениетінің өзгергенін ғана емес, тұтынушыларға бейімділігі артқанын да айғақтайды.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылған «Адалдық алаңы» жобасының аясында түрлі саланы қамтитын «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сапалы жол», «Адал жол», «Protecting Business and Investments» жобалық кеңселері, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары жұмыс істейді. Мәселен, «Protecting Business and Investments» жобасының аясында отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы сомасы 12,1 трлн теңге болатын 421 бизнес-жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге ие болып отыр.  Инвестициялық жобалардың 28%-ы шетелдік инвесторлардың үлесінде. Кәсіпкерлер мен инвесторлардан келіп түскен шағымдардың 90%-ы (684 шағымның 625-і) олардың мүддесіне шешілді.

6 мыңнан астам мектепте 1 млн жуық мүшесі бар «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді. Осы клубтар арқылы былтыр 25 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді. Бұған қоса «Transparency Internatioanal Kazakhstan» ҚҚ қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер» мен парасаттылық мектептері жұмыс істеді. Скандинавия елдерінің тәжірибесі бойынша «Адалдық дүкендері» (Integrity Shop) ашылды. Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінде халықты ішкі мәдениет пен парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған 5 мыңға жуық сатушысыз дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ, былтыр «Адалдық алаңы» жобасы қоса ұйымдастырушы ретінде өткізген «Халық заңгері» акциясында 18 мың азаматқа тегін құқықтық кеңес беріліп, оған 2 500 сарапшы қатысты. Акция бір уақытта 176 елді мекенде өткізілді. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық бақылау мен үкіметтік емес сектордың белсенділігі артуына байланысты, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтық азайды. Сол себепті мемлекеттік аппарат неғұрлым ашық және айқын бола түсті. Менің ойымша, «Адалдық алаңы» алдағы уақытта ар мен адалдықтың, әділдік пен заңдылықтың, сенім мен парасаттылықтың орталығына айналуы тиіс.  Мен қоғам мен азаматтардың ұтымды ұсыныстары мен пайымды пікірлері Агенттік пен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын одан әрі жетілдіріп, қарқынын күшейтетініне сенемін.

Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру тәжірибесі енгізілді. Былтыр Call-орталыққа қанша қоңырау түсті және оларға қандай көлемде сыйақы берілді. Бұл ретте қай өңірдің тұрғындары көбірек белсенділік танытты?

Агенттік Президент Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес халықтың мұң-мұқтажын естіп қана қоймай, оны шешуге тырысып жатыр. Өзім азаматтарды апта сайын, орынбасарларым мен басқа басшылар күн сайын қабылдайды. Былтыр 2 201 азамат қабылданып, олардың саны бұрынғымен салыстырғанда 3 есеге артты.

Сондай-ақ менің, орталықтағы және өңірлердегі басшылардың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша барлық шағымдарына кідіріссіз жауап беріледі. Еліміздің 11 өңірінде азаматтық бастамалардың диалог алаңына айналған «Антикор орталықтары» ашылды. Биыл мұндай орталықтарды барлық өңірде ашу жоспарлануда. Орталықта халыққа ашық, жайлы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге барлық мүмкіндік жасалған және кез келген азамат түрлі мәселе бойынша тегін құқықтық көмек пен кеңестер алады. Біз азаматтармен жедел және үзіліссіз кері байланыс орнатуға мүдделіміз. Сондықтан Агенттікте тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларды қабылдайтын 1424 Call-орталығы жұмыс істейді. Бұл жұмыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың озық тәжірибесіне негізделген. Былтыр сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1 000-ға жуық қоңырау тіркедік. Бүгінгі таңда расталған фактілер бойынша 66 қылмыстық іс қаралуда, 18 іс сотқа жолданды. Былтырғымен салыстырғанда, қоңыраулар мен тергеліп жатқан істердің екі есеге артуы азаматтардың Агенттік қызметіне сенімінің артқандығын көрсетеді. Өңірлер бөлігінде ең көп өтініштер Түркістан – 148, Алматы облыстарынан – 137 және Алматы қаласынан – 112 түсті, бұл АЕК-те тіркелген осындай өтініштердің жалпы санының жартысына жуығын құрайды. Басқа өтініштер қалған 14 өңірге тиесілі (Шымкент қ. – 84, Нұр-Сұлтан қ. – 76, Жамбыл – 63, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары – 30-дан 50-ге дейін, Қостанай, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Қызылорда, Атырау облыстары – 20-дан аз). Call-орталығына түскен шағымдар негізінде соттарда қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азамат 1,5 млн. теңге (126 250-ден 176 750 теңгеге дейін) мөлшерінде сыйақы алды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында және Түркістан облысында – 2, Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 1 сыйақыдан төленді. Жалпы алғанда, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған 214 адамға 31 811 080 теңге көлемінде сыйақы берілді. Біз Call-орталығының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында оны техникалық және бағдарламалық қайта жабдықтау, оның ішінде мобильді қосымша және орталыққа хабарламаларды әлеуметтік желілер арқылы жолдау, сондай-ақ операторларды бағалау жүйесін енгізу мүмкіндігін пысықтаудамыз. Сондай ақ, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған келісімге қол жеткіздік. Біздің жобалық кеңселер мен арнайы мониторингтік топтардың көмегімен 1424 Саll-орталығы жұмысының адвертайзингі бойынша жұмыс жүргізілуде.

– Мазмұнды сұхбатыңыз үшін рақмет!

 

Әңгімелескен Айбын Шағалақ

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы