Амангелді ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Амангелді ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Ү.ж. 20 мамыр күні сағ. 10:00 – 13:00 аралығында Амангелді ауданы Амангелді ауылында Амангелді аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Амангелді-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді

Іс-шараның мақсаты  құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Амангелді аудандық жедел штабы