ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен және Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов Kazatomprom уран өндіруші кен орындарында  «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – қоғамды экстремистік және террористік қауіптерден қорғау, азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту болып табылады.

Жиын барысында «Бүгінгі Қазақстандық қоғам және мемлекеттілік», «Қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері», «Рухани-адамгершілік тәрибе қоғамдағы діни тұрақтылығының кепілі ретінде» тақырыптарында сөз қозғалды.

Кездесу барысында мамандар әлеуметтік желілерде радикалды идеологияларды насихаттаушы уағыздаушылар туралы ақпарат беріп, сақтану қажеттігін ескертті және радикалданудың негізгі себептері, діни экстремизм және терроризм профилактикасының өзекті мәселелері және оның қоғамға әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Маман қоғамда белең алып жатқан жат діни ағымдарды ажыратудың жолдарын баяндады.

Әлеуметтік желілерде теріс идеологияларлдың арбауына түспеудің және сақтану қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, діни сауаттылықты, ұлттық келісімнің сақталуының маңыздылығы түсіндірілді.

  Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды