Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жастар қалқаны - 2025» байқауы өтті

Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жастар қалқаны - 2025» байқауы өтті

Орал қаласындағы Жоғарғы аграрлық техникалық колледждің ғимаратында «Жастар қалқаны - 2025» байқауы өткізілді.

Байқау аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қазақша «QUIZ» ойындары оздырылды. Тақырыбы «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?»

Тартысқа толы зияткерлік сайысқа 25 оқу орны қатысып, 3 кезең бойынша білімдерін сынады.

Білім додасында озып шыққан үздіктер:

1 орын – Орал жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі;

2 орын – Жоғары аграрлық техникалық колледжі;

3 орын – Теректі аудандық колледжі және Жоғары медициналық колледжі.

Өткізілген шара бойынша республикалық және облыстық БАҚ-қа жарияланды (@uralskakimat, @aqjaiyqtv, @zhaikpress, @rsk.zko, @tdk45tv).

 

Материал БҚО бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды