Батыс Қазақстан облысында «Жастар қалқаны - 2025» пікірсайыс турнирі өтті

Батыс Қазақстан облысында «Жастар қалқаны - 2025»  пікірсайыс турнирі өтті

Орал қаласындағы «Оқушылар сарайында» облыстық «Жастар қалқаны - 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген тақырып аясында пікір алмасты.

Пікірсайыс нәтижесі бойынша:

  • Бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды;
  • «Үздік мақала» номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос;
  • «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университеті марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға,ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Өткізілген шара бойынша республикалық және облыстық БАҚ-қа жарияланды (Todayinfo.kz, ertenmedia.kz, dalanews.kz, zhaikpress.kz, baribar.kz,  @tdk45tv).

Материал БҚО бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды