ЖАСТАРДЫҢ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ОРНЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

ЖАСТАРДЫҢ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ОРНЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Жастардың зайырлы мемлекеттегі рөлі мен орны, олардың толеранттылық пен түсіністік қағидаларын қаншалықты меңгергені аса маңызды. Осы тақырып аясында жастардың діни сауаттылығын арттырып, зайырлылық ұғымын терең түсіндіру мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен “Жастардың зайырлы қоғамдағы рөлі: төзімділік пен түсіністік” тақырыбында кең ауқымды кездесу өтті.

Шара барысында қоғамдағы зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ толеранттылық пен қоғамдық келісім идеясын кеңінен насихаттау мақсат етілді.

Спикерлер қатарында Атырау облысы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, “Шапағат” қоғамдық қорының теологы Жасұлан Берікұлы мен “Ақпараттық-талдау орталығы” КММ маманы Исатай Ғизатов болды. Олар зайырлы мемлекет құрылымының ерекшеліктері, жастардың ақпараттық қауіпсіздігі, деструктивті діни идеологиялардан қорғану жолдары туралы маңызды ойларымен бөлісіп, презентациялар арқылы заңнамалармен, жаңа бағдарламалық әдістермен таныстырды.

Жасұлан Берікұлы діни көзқарастағы төзімділіктің маңызын атап өтсе, Исатай Ғизатов зайырлылықтың демократиялық қоғамдағы орнына тоқталды. Кездесуде жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Кездесудің ерекшелігі – ашық диалог форматы мен белсенді аудитория. Қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, тақырып аясында мазмұнды әңгіме өрбіді.

 

Атырау облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды