ОТАНҒА ҚЫЗМЕТТЕ РУХАНИ ИММУНИТЕТ КЕРЕК

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТТЕ РУХАНИ ИММУНИТЕТ КЕРЕК

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы 99245 әскери бөлімінде “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Қатысқандар саны - 70.

Кездесуге Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі, “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының теологы Оташбаев Елдос және Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Жұмағалиев Бақберген қатысып, әскери бөлімнің жеке құрамына дін мен терроризмнің ара-жігін ажырата білу жөнінде мазмұнды баяндама жасады.

Теолог маман терроризм мен экстремизмнің түп-төркіні және оның идеологиялық негіздері, әскери қызметкерлердің дінді дұрыс түсінуі – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі екенін айтса, Полиция департаментінің өкілі дін атын жамылып ел ішіне іріткі салатын ағымдардың тактикалары, діни алаяқтардан сақтану жолдары мен ресми діни ақпарат көздерін қолданудың маңыздылығы туралы мәселелерге тоқталды.

Кездесу барысында әскери қызметкерлер сұрақ қойып, нақты өмірлік жағдайлар төңірегінде пікір алмасты.

 

Атырау облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды