Экстремистік әсерді алдын алу және одан қорғау – білім беру жүйесінің маңызды бағыты.
Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын орындау аясында 2025 жылға арналған ақпарат беру-түсіндіру жұмысының жоспарына сәйкес 2025 жылғы сәуірде Қостанай қаласының мектептері мен колледждерінің оқушыларымен кездесулер мен дәрістер өткізілді.
Іс-шараларды білім басқармасының қолдауымен Дін істері жөніндегі басқарма мен Діни проблемаларды зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Іс-шаралардың мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, жастарды деструктивті діни ағымдарға тартуды алдын алу.
Дін істері және азаматтық қоғам басқармаларының жанындағы облыстық ақпарат-түсіндіру тобының мүшелері Мырзабек Сардарбекұлы Тойғанов, Руслан Жүсіпбекұлы Мырзағалиев, Діни проблемаларды зерттеу орталығының маманы Екатерина Петровна Белашова спикерлер ретінде сөз сөйледі. Жасөспірімдерді онлайн жалдау әдістері
«Жасөспірімдерді онлайн жалдау әдістері», «Жалған діни ұйымдардың негізгі белгілері», «Жалған хабарламалар – бұл әзіл емес, ауыр қылмыс», «Оқушылардың діни экстремизм мәселелері бойынша дүниетанымы» сияқты тақырыптар қаралды.
Іс-шаралар барысында жасөспірімдердің санасын әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалар арқылы манипуляциялау тәсілдері, экстремистік ықпалдың алдын алу және қорғау әдістері қаралды, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберіндегі жауапкершілік шаралары туралы фактілер келтірілді.
Зорлық-зомбылық пен фанатизмді насихаттайтын топтарға қосылу қаупін азайту үшін жастардың сыни ойлауын дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Жалпы 1000-нан астам кәмелетке толмаған бала қатысты.
Материал Қостанай облысы ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды