Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын іске асырылу барысы талдау жасалынды.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт және дін істері басқармалар қалыптасқан проблемалар және оларды шешу жолдары бойынша баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, «Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының» орындалуы бойынша ағымды мәселелер қозғалды.
Білім басқармасы басшысының орынбасары кәмелетке толмағандар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу нәтижелерін жеткізді.
Бұдан бөлек, терроризмге қарсы комиссиясына әдістемелік және практикалық көмек көрсету ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімі бастығының баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, жұмысты жасқарту бойынша терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобына бір-қатар ұсыныстар енгізді.
Жұмыс қорытындысы бойынша отырысқа қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Материал Жамбыл облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды