Шал ақын ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды өткізу туралы

Шал ақын ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды өткізу туралы

2025 жылғы 30 сәуірде Сергеевка қаласындағы аудандық орталық кітапхана аумағында сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Шал ақын аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Өткізілетін іс-шараға байланысты Солнечный және Быковский көшелері бойынша  қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған орай аудан қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.         

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы