Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды өткізу туралы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды өткізу туралы

2025 жылғы 29 сәуірде Новоишимское ауылындағы «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында сағат 10:30-дан 15:00-ге дейін Ғ.Мүсірепов аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Іс-шараң негізгі мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Өткізілетін іс-шараға байланысты Абылай хан және Школьная көшелері бойынша  қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған орай аудан қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.         

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы