А.ж. 28 сәуірінде Тимирязев ауданы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Тимирязев аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда.
Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты - практикалық дағдыларды пысықтау және құқық қорғау, арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл әрекет етуге және терроризм актісіне байланысты ықтимал төтенше жағдайлардың жолын кесуге дайындығын тексеру
Өткізілетін іс-шараға байланысты Горького және Целинная көшелері бойынша қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған орай аудан қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы