Қамысты ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Қамысты ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Ү.ж. 22 сәуір күні сағ. 15:00 – 18:00 аралығында Қамысты ауданы Қамысты ауылында, Қамысты аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қамысты-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты  құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қамысты аудандық жедел штабы