Саран қаласында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Саран қаласында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

2025 жылғы 22 сәуірінде Қарағанды облысы Саран қаласында терроризмге қарсы Саран қалалық жедел штабымен жедел-тактикалық жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.

Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Саран қалалық жедел штабы