Рудный қаласында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Рудный қаласында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Ү.ж. 19 сәуір күні сағат 10:00 – 14:00 аралығында Рудный қаласында, Рудный қалалық терроризмге қарсы жедел штабы «Рудный-Терроризмге қарсы-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты  құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Рудный қалалық жедел штабы