
Кибер-джихад – бұл тек қана интернеттегі діни насихат емес, бұл — заманауи терроризмнің жаңа формасы, онда ақпараттық технологиялар, психологиялық ықпал, мәдени интервенция және саналық радикалдандыру қатар жүреді. Бұл құбылыс бүгінде ұлттық қауіпсіздікке, жастар саясатына, қоғамдық тұрақтылыққа нақты қауіп төндіріп отыр.
Кибер-джихад деген не?
Бұл ұғым интернет кеңістігінде экстремистік топтар жүргізетін келесі іс-әрекеттерді қамтиды:
Кибер-джихад идеологтары заманауи техниканы тиімді пайдаланып, интернет пен әлеуметтік желілерді виртуалды майдан алаңына айналдырып отыр.
Халықаралық тәжірибе: медиамен басқарылатын радикалдану
Батыс сарапшылары, соның ішінде британ профессоры Гари Бунт, кибер-джихадты кең көлемде зерттеген. Оның «Hashtag Islam» кітабында кибер-исламдық ортаның дін мен діни беделді түбегейлі өзгертетіні атап өтіледі.
«Қазіргі заманда діни бедел ресми атақпен өлшенбейді. Оны интернеттегі танымалдық, техникалық шеберлік пен аудиторияны тану қабілеті анықтайды», – дейді Бунт.
Оның айтуынша, интернетте кез келген адам діни тұлға болып шыға алады — бұл өз кезегінде құндылықтардың бұрмалануына, жаңа діни ағымдардың белсенді таралуына жол ашады.
Соңғы жылдары Қазақстанда діни экстремизммен күрес бағытында елеулі шаралар қабылданды:
Алайда бұл жеткіліксіз. Кибер-джихад тек мемлекет пен құқық қорғау органдарының емес, жалпы қоғамның, ата-аналар мен білім беру жүйесінің бірлескен қарсы тұруын қажет етеді.
Жастар — басты нысана
Кибер-джихадшылардың ең басты аудиториясы – жасөспірімдер мен жастар. Өйткені:
Сондықтан оқушылар мен студенттерге арналған медиасауаттылық курстарын, діни білім негіздерін, онлайн-қауіпсіздік дағдыларын кеңінен енгізу – бүгінгі күннің талабы.
Кибер-джихад – ХХІ ғасырдағы жаңа типтегі идеологиялық соғыс. Бұл соғыс көзге көрінбейді, бірақ оның салдары қоғамның ішкі тұтастығына, жастардың тағдырына және елдің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Осы қауіпке қарсы тиімді күресу үшін тек техникалық емес, гуманитарлық, мәдени және тәрбиелік стратегиялар қажет.
Біз ақпараттық майданда тек қорғанушы емес, белсенді ой қалыптастырушы, рухани иммунитет таратушы болуымыз керек.
Материал Алматы қаласы ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды