Қарағанды облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Қарағанды облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысына бірқатар ұйым өкілдері қатысты. Атап айтқанда,  терроризмге қарсы облыстық комиссия мүшелері, құзырлы органдар мен мүдделі департамент басшылары, сондай-ақ, қала және аудан әкімдері өзекті мәселелерді ортаға салды.

Комиссияның күн тәртібінде бірнеше проблема кеңінен сөз болды. Оның қатарында, экстремизм, терроризм белгілерінің қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруына жол бермеу, жасөспірімдер арасында, спортта экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асыру барысы бар. Бұдан бөлек, атқарылған жұмыстар талқыланып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Алдын алу шараларын жандандыруға да баса көңіл  аударылды. Жат ағымдарға бейім тәуекел топтар арасында  деструктивті діни ағымға  қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру туралы  баяндамалар  жасалып, мұндағы маңызды мәселелер де ашық айтылды.

Баяндамалардан соң 3 айдың қорытындысы,  ТҚК қызметін іске асыру  тәртібі туралы сын, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Отырыс қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктерді жоюға,  бекітілген жоспарлардың   орындалуына нақты тапсырмалар берілді. Отырыс бойынша хаттама толтырылды.

 

Қарағанды облысы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды