Меңдіқара ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Меңдіқара ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Ү.ж. 8 сәуір күні сағ. 10:00 – 18:00 аралығында Меңдіқара ауданы Боровской аулында, Меңдіқара аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Меңдіқара-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Меңдіқара аудандық жедел штабы