
Қоғамда жалған ақпарат тарату – үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Қазақта "Ойнаймын деп от баспа" деген сөз бар, бұл әсіресе елді дүрліктіретін жалған шақыртуларға тікелей қатысты. Өйткені жалған қауіп дабылына елдің еті үйреніп кетсе, шынайы қауіп туындаған жағдайда ешкім сенбеуі мүмкін.
Ата-бабамыз ертеде елді дүрліктірген адамға ауыр жаза қолданып, батырлар қылышын суырса, оны жауға сілтемей қайта салмайтын болған. Бүгінде де жалған ақпарат берген адам заң бойынша жауапқа тартылады.
Жалған шақыртулар екі түрлі болады:
Елімізде жалған шақырту жасағандар Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жалған терроризм фактілері бойынша материалдық жауапкершілік те қарастырылған.
Кейбіреулер өздерін жасыру үшін бөтен телефонды немесе дауысты өзгерту құрылғыларын қолданады. Бірақ, қазіргі технологиялар кез келген адамның дауысын жеке дара анықтай алады. Яғни, қандай айла қолданылса да, құқық қорғау органдары жалған шақырту жасаған адамды тауып, жауапкершілікке тарта алады.
Жалған шақыртулар құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда үрей туғызады. Әсіресе, мектептер мен қоғамдық орындарда жалған бомба қойылды деген хабарламалар – бұл жауапсыздықтың көрінісі.
Сондықтан әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, жалған ақпарат таратудан аулақ болуы керек. Жауапсыздықтың арты үлкен қиындықтарға алып келуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Сәкен Алдашбаев,
«Сыр Дидары » газетінің бас редакторы