Шу ауданы, Шу қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Шу ауданы, Шу қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

1 сәуір күні Шу ауданы, Шу қаласының аумағында терроризмге қарсы Шу аудандық жедел штабымен «Шу-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы