Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу туралы

Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу туралы

Құрметті Сарыкөл ауданының тұрғындары және қонақтары!

2024 жылғы 4 мамырда Сарыкөл кентінің аумағында сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін аудандық Мәдениет үйінің аумағында жедел штабпен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады.

Осыған байланысты Тәуелсіздік-Астана, Пушкина-Астана көшелері жабылады.

Сарыкөл ауданының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы Қостанай облысының Сарыкөл аудандық жедел штабы