29 сәуір күні сағат 10.00 - 14.00 аралығында Нұра кентінде КММ «Нұра» стадионында (Абдирова көшесі, 55) терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде оқу-жаттығулар өткізіледі.
Аталған объекті айналасында шектеулер қарастырылды.
Осыған орай, азаматтарды түсінушілікпен қарауды, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз.
Нұра аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы