Ағымдағы жылдың 29 мен 30 сәуір аралығында Жезқазған қаласында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.
Өткізілетін іс-шараға байланысты Жезқазған қаласындағы көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылатың мәселесі қарастырылған.
Қала қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпарттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.