Жамбыл облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде

Жамбыл облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде

29 сәуір күні Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабымен «Тараз-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабы