Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Құрметті Қамысты ауданының тұрғындары және қонақтары!

2024 жылғы 26 сәуірінде Қамысты ауданының аймағында сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін аудандық «Қамысты насосты станциясы» ЖШС аумағында жедел штабпен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады.

Осыған байланысты аудан аймағында белгілі бір қозғалыс шектеуі болуы мүмкін.

Қамысты ауданының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқыққорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз.

 

Қостайнай облыстық Қамысты аудандық

терроризмге қарсы жедел штабы