Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласы Медеу ауданы Республика сарайында Достық 56 мекенжайы бойынша, сағат 05:00 ден 10:00 арасында жоспарлы террорлық іс-әрекеттерін алдын алуға бағытталған оқу жиыны өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты - халық көп шоғырланатын орындарда террорлық іс-әрекеттерге қарсы өзара іс-қимыл әрекеттерін нақтылау болып табылады.
Сонымен қатар, аталған іс-шараны өткізу барысында шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы