Тиісті баға берілді

Тиісті баға берілді

ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері Айыртау, Есіл және Қызылжар аудандарында арнайы оқу-жаттығу эксперименттерін өткізді.

Іс-шара 2023 жылға арналған ведомствоаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығулар мен эксперименттер өткізудің жоспарлы кестесіне сәйкес ұйымдастырылды. Оның мақсаты - адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған мезгілде, бірлесіп жұмыс жасауды шыңдау.

Аталған эксперименттерге аудандық жедел штаб мүшелері мен қажетті техникалар жұмылдырылды. Жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаның алдын алу және оның салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді.

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында арнайы және жедел-іздестіру шараларының кешені іске асырылып, соның нәтижесінде шартты террористер ұсталып, олардан атыс қаруы мен жарылғыш құрылғылар тәркіленді.

Қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою шаралары әзірленіп, нәтижелерге талдау жүргізілді. Сондай-ақ эксперименттерге қатысушылардың теориялық білім деңгейі тексеріліп, әр жедел топтың дайындығына тиісті баға берілді.

 

Материал Ұлттық қауіпсіздік комитеті СҚО бойынша

департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

___________________________________________________