Жұмысты күшейту жолында

Жұмысты күшейту жолында

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың жетекшілігімен Терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Оған арнаулы және құқық қорғау органдарының бастықтары мен жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты.

Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қарастырылды. Комиссияның аясында бекітілген іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы, білім беру ұйымдарындағы күзет қызметтерінің жағдайы және терроризм профилактикасын ұйымдастырудағы қала аумағындағы бейнебақылау камераларының жұмыс істеу жағдайы талқыланды.

Аталған бағыттар бойынша қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов негізгі мән-жайларды ескеріп, бірнеше тапсырмалар берді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға терроризм профилактикасы бойынша әрбір іске жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде ескертті.

Бұдан басқа, 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы Терроризмге қарсы комиссия аппаратының есебі тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыстарды барынша күшейту, Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылын нығайту тапсырылды.

 

Материал Шымкент қаласының Терроризмге қарсы

комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

______________________________________________________________