Алға қойылған нақты ұсыныстар

Алға қойылған нақты ұсыныстар

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Оған Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін құқық қорғау  және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиында Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова зайырлы өмір салтын насихаттау және діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын болдырмау сияқты мәселерге өңірде жете мән берілетіндігін атап өтті.

Бірақ заманауи сын-қатерлер терроризмнің алдын алу шараларын үнемі жетілдіруді талап етеді. Осы орайда әсіресе жастардың арасында радикалдануға жол бермеуі егжей-тегжейлі қарастырылды.

Сонымен қатар отырыс барысында профилактикалық бағыттың жай-күйі, туындаған жағдайлар және оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар іске асырылған жұмыстарды саралап, нақты ұсыныстарды алға қойды.

Отырыс нәтижесі бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 

Материал Атырау облысы бойынша Терроризмге

қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

_______________________________________________________________________