Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы Шымкент қаласындағы № 53 және 54 түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға жергілікті діни теологтармен бірлесіп тәрбиелік кездесу өткізді.
Негізгі мақсат – ұлттық тәрбиенің маңыздылығы, діни экстремизм мен терроризмнің келтіріп жатқан залалдары туралы қатысушыларға жеткізу.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі сотталғандарға ата-бабаларымыздың салт-дәстүр мен діни жораларды орындау тәртібі бойынша негізгі әрі мызғымас қағидалары мен ережелерін атап өтті.
Сотталған азаматтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып және осындай кездесулер арқасында өздеріне рухани азық алып жатқандары жайлы бөлісті.
Іс-шара соңында РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы сотталғандардың барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді және теологиялық оңалту жұмыстарына белсенді қатысуын өтінді.
Материал Шымкент қаласы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
_____________________________________________________________________