Жетісу облысы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Жетісу облысы Терроризмге қарсы комиссияның  кезекті отырысы өткізілді

Жетісу облысының әкімі Б.Исабаевтың төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға ТҚК құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында комиссия жоспарының 1 тоқсандағы терроризм тұрғысынан осал объектілерді қорғау бойынша атқарған жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Терроризмнің алдын алу және радикалды идеологияның таралуына жол бермеу бағытындағы алдағы тоқсандағы іс-шаралар жоспары қарастырылды.

Жастар арасында терроризмнің алдын алу жұмыстарын жетілдіру бойынша шаралар әзірленді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес «жалған терроризм» көріністеріне қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатындағы міндеттер нақтыланды.

Отырыс нәтижесі бойынша барлық мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

 

Материал Жетісу облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды