Көлікте қару тәркіленді

Көлікте қару тәркіленді

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚК Департаментінің көмегімен қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша 1999 жылы туған "Р" азаматын ұстады.

Оған тиесілі "Ваз" маркалы жеңіл автокөлігінің салонын тінту барысында полиция қызметкерлері мылтық, травматикалық тапанша мен пышақ тәркіледі.

Құқық қорғау органдары жүргізушінің қаңтардағы оқиғаға қатыстылығын тексерілуде.

Анықтау фактісі бойынша ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.