Қажетті мәлімет және ұсыныс

Қажетті мәлімет және ұсыныс

Өткен аптада Павлодар облысының «Халық» радио тікелей эфирінде «Интернеттен діни экстремизмнің қаупі» тақырыбында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәрияновпен мемлекеттік және ресми тілде сұхбат өткізілді.

Бағдарламада діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралауының алдын алу мақсатында ауқымды сұрақтар қарастрылып («интернет қауіптің көзі ретінде», «неліктен бұл сұрақ өзекті және немен байланысты?», «деструктивті сипаттағы түрлі діни интернет-ресурстарға кірудің құқықтық салдары») тиісті жауптар берілді.

Сұхбат барысында Д.Зәкәриянов діни экстремизмге қарсы тиімді әрекет етуді мемлекеттік құрылымдар мен дәстүрлі діндер өкілдерінің бірлескен күш-жігерімен ғана жүзеге асыруға болатындығын атап өтті.

Интернеттегі діни экстремизм идеологиясының белсенді үгіт-насихат қызметімен ерекшеленетін сайттарды жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігіне жеке тоқталып тыңдаушылардың назары жауапкершілік тақырыбына да аударылды.

Сонымен қатар облыстық Дін істері басқармасының атқарған жұмыстары туралы айтылып, жастардың деструктивті діни ағымдарға кіруін болдырмау, тосқауыл қоя білу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Қорытындысында, Дін істері басқармасы жергілікті азаматтарға деструктивті діни ағымның ықпалына ұшыраған жағдайда, психологтың немесе теологтың кеңесін алу үшін 8 (7182) 62-01-01 сенім телефоны бойынша хабарласа алатындығы ұсынды.