Объектілердің қорғалуы сұрағы бойынша

Объектілердің қорғалуы сұрағы бойынша

2021 жылдың 6 мамырында № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген ҚР Үкімет Қаулысы қабылданды (әрі қарай - Талаптар).

Қабылданған қаулы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қойылатын негізгі талаптарды реттейді.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің салалық ерекшеліктеріне негізделген талаптар тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарымен бекітілген салалық (ведомстволық бағынысты) объектілердің терроризмге қарсы қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта егжей-тегжейлі көрсетілуі керек.

Қабылданған қаулы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметтің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 Қаулысының күші жойылды деп тануды қарастырады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.