Дәстүрлі емес әрекеттерге иммунитет

Дәстүрлі емес әрекеттерге иммунитет

Өткен демалыста Алматы қаласының Дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерімен онлайн-мәжіліс өткізді.

Іс-шарада қатысушылар түсіндіру жұмысының өткен жылғы қорытындыларын шығарды және ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) қызметінің алдағы жылға басым бағыттарын айқындады.   

Мегаполистегі Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың пікірі бойынша мемлекеттік органдар мен ААТ мүшелері бір жылдан аса уақытта 75% халыққа, оның ішінде ЖОО мен колледж студенттеріне, мектеп оқушыларына, ойын-сауық орталықтары мен өзге де ұйым қызметкерлеріне деструктивтік діни ағымдарға тартудың қауіптілігі түсіндірілді. Осылайша жастардың діни-құқықтық сауаттылық деңгейі арта түсті.

Дін проблемаларын зерттеу орталығы және Мониторинг және зерттеу орталығының ұйымдастырушылық-түсіндіру және насихат бөлімі ҰҚКД және ПД өкілдерімен бірлесіп жас ұрпаққа діни-құқықтық білім беру басымдығын айқындап, осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсті. Соңғы бірнеше айдың ішінде карантиндік шараларды ескере отырып 70 іс-шара – онлайн-дәрістер, семинарлар, кездесулер ұйымдастырды.

Мамандар 2021 жылы профилактикалық сипаттағы 400-ге жуық іс-шара, оның ішінде үлкен аудиторияны қамти отырып заманауи түрлі әдістер мен стандарттық емес тәсілдерді пайдалана отырып өткізуді жоспарлады.

Мәжілістің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына дәстүрлі емес идеология мен дінге иммунитетті қалыптастыру. Республиканың ең ірі қаласындағы профилактикалық жұмыс жалғастырылуда.