Түсіндіру және алдын алу

Түсіндіру және алдын алу

14 сәуірде ҰҚКД және Павлодар облысы бойынша ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің сарапшылары денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерінің өкілдеріне онлайн-семинар өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты 12 сәуірде ҚР Үкіметінің №234 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын түсіндіру болып табылды.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының нормаларын жеткізді.

Алдын алу-профилактикалық жұмысқа террористік тұрғыдан осал денсаулық сақтау объектілерінің 35 басшысы және терроризмге қарсы қорғауға жауапты адамдар қатысты.  

Қатысушылар ТТО объектілерін қорғау саласындағы жаңа тәсілдермен және террористік сипаттағы қауіпті хабарлама, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы түскен кездегі, сондай-ақ күдікті заттар анықталған жағдай басшылар мен мекеме персоналдарының іс-әрекеті қағидаларымен таныстырылды.

Онлайн-семинар сұрақ/жауап форматында аяқталды.