Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

«Қалаларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасы аясында 2021ж. 5-6 сәуір күндері Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері теолог, дінтанушы мен психологтар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары және олардың ауылдық аймақтарында дінтанушыларға, жастарға, мемлекеттік және құқық қорғау органдардың қызметшілеріне түсіндіру шараларын өткізді.

Сондай-ақ, РАТТ мүшелері (А.Жарас, «Казислам» ақпараттық – білім беру интернет – порталының уйлестірушісі, К.Мутебаев, Алматы облысы дін істер басқармасының діни экстремизм құрбандарын, деструктивті культ ұстанушыларын оңалту орталығының діни психологы, И.Мухан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының теологі, Б.Мырзаев, «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоратив басшысының кеңесшісі) Екібастұз қаласы Қ.Сәтбаев ат. инженерлік-техникалық институт, ауылшаруашылық-техникалық колледж, Ақсу қаласы Ж.Мұса ат. колледж студенттері және ҚР ҰҰ әскери қызметкерлеріне «Дін экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Жастар арасындағы интернеттің қауіптілігі жөнінде», «Рухани-адамгершілік құндылықтары мен ұлттық дәстүрлер туралы»тақырыбтар бойынша лекциялар жүргізді.

Кездесу барысында мамандар экстремизм мен радикализм көріністері қауіпті болатынын түсіндіріп және терроризмді насихаттауда Интернет пен әлеуметтік желілерде пайдалануын назар аударды. Олар тыңдаушыларды қырағылыққа шақырып, көпұлтты Қазақстанда конфессияаралық араздық пен өшпенділікті қоздыру мақсатында өз мақсаттарын көздейтін жалған теологтардың және басқа арандатушылардың сендірулеріне көнбеуге шақырды.

Талқыланған мәселелерді тереңірек игеру үшін кездесулердің соңында сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу жүргізілді.