Қазақстанда арнаулы мақсаттағылар күні болады

Қазақстанда арнаулы мақсаттағылар күні болады

17 ақпанда мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкері, әскери қызметшісі күнін мерекелі күндер тізбесіне енгізу туралы үкімет қаулысының жобасын бұқаралық талқылауды жоспарлады.

Ішкі істер министрлігі әзірлеген қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкері, әскери қызметшісі күнін 9 маусымда ресми түрде мерекелеу жоспарлануда.

Қазақстанда арнайы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қорғаныс министрлігінде, Ішкі істер министрлігінде бар. 

9 маусым Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңесі жанындағы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерін үйлестіру кеңесін құру туралы шешімге қол қоюына байланысты таңдап алынды.