Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында  Өскемен қаласында полицияға ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің 156/2 ОВ мекемесінің қазандығында жарылғыш зат анықталғаны туралы хабарлама түсті.

Хабарлаушының мәліметтері анықталды – ол үйінде мас күйде болған М деген азамат жедел қызметтің кезекшісіне түзеу мекемесіне «мина қойылғаны» туралы хабарлайды.  

«Телефон террористі» бірнеше рет сотталған, Психикалық денсаулық орталығында «Ішімдік ішуіне байланысты психикалық және мінез-құлқы бұзылған, тәуелділік синдромы» диагнозымен есепте тұрады.