ҚР азаматтарын әскери қақтығыстар аймағынан қайтару бойынша кезекті операция іске асырылды

ҚР азаматтарын әскери қақтығыстар аймағынан қайтару бойынша кезекті операция іске асырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып және шетелдік әріптестердің қолдауымен Сириядан 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала, оның ішінде 2-еуі жетім қалған бір топ азаматты Отанға қайтару операциясын өткізді.  

Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес террористік әрекеттерге қатысқан тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жетім балалар жақын туыстарына беріліп, оларға мемлекеттен көмек көрсетіледі. Баласы бар әйелдер оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларына қосылады.   

Президент Қ-Ж.К. Тоқаевтың санкциясы берілген азаматтарды репатриациялау операциясы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Жусан» операциясының жалғасы болды.

 

ҚР Терроризмге қарсы орталығы