АҚШ Мемлекеттік департаментінде қазақстандық «Жусан» операциясы туралы пікір айтылды

АҚШ Мемлекеттік департаментінде қазақстандық «Жусан» операциясы туралы пікір айтылды

2021 жылғы 14 қаңтарда Америка кәсіпкерлік институтының платформасында АҚШ Мемдепартаментінің терроризмге қарсы күрес мәселелері жөніндегі елшісі Натан Стэйлс Мемдепартаменттің терроризмге қарсы күрес саласындағы жұмыс және оның келешектегі перспективалары туралы айтты.

Сонымен қатар Елші Стэйлс Қазақстанның Сириядағы қазақстандықтарды қайтару бойынша «Жусан» операциясының жетістіктері туралы пікір айтты.

«…Білесіздер ме мен Қазақстан сияқты мемлекетпен ынтымақтастық жасай алатыныма мақтаныш тұтамын. Мен сондай-ақ өз азаматтарын қайтарғысы келе бермейтін Батыс Еуропа елдерімен де жұмыс жасағым келеді. Бұл таң қаларлық жағдай, АҚШ сияқты бұл мемлекеттердің де  ауқымды ресурстары бар. АҚШ-тағыдай оларда да керемет заңгерлері, соттары мен түрме жүйелері бар. АҚШ-тағыдай оларда да жоғары заңға тиісті және уақытпен тексерілген әділ сот жүйесі бар.

Қазақстан сияқты дамыған демократиясы мен дамыған экономикасы бар мемлекет көшбасшы болғанына біз шынымен таң қаламыз. Ал тұрақтанған демократиясы бар Батыс елдері бір-біріне жалтақтап қарап отыр.

Мен болашақта жауынгерлер мен олардың отбасы мәселелері бойынша үлкен пргресстер болғанын қалаймын».

Посол Стэйлс қазақстандық гуманитарлық миссия жайлы өз пікірін «Жусан» операциясының 3-кезеңі аяқталысымен бірден айтқанын еске саламыз.

Атап айтқанда, ол «Терроризмге қарсы күрес саласында Қазақстан АҚШ-тың мықты серіктесі болып табылады. Мемлекеттер терроризмге қарсы іс-қимыл, шекара қауіпсіздігін күшейту, террористердің қозағылысы туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ құқық қорғау органдары саласындағы ынтымақтастық тақырыптары аясында жұмыс жасауда» деді.

 

Ссылка на пресс-релиз Бюро по борьбе с терроризмом в Twitter: https://twitter.com/StateDeptCT/status/1349724460979466240

 

Штаб Антитеррористического центра РК