Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы Құлжа 2 тас жолы мекенжайында орналасқан «Халық Арена» көпфункционалды кешенінің аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты - террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың дайындықтарын және өзара іс-қимыл деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысанның лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесі тексерілді, террористік қауіп кезінде қаладағы төтенше жағдайлар қызметінің әрекеттері пысықталды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы іс-қимылдардың тиімділігіне баға берілді.
Жалпы, іс-шараның нәтижелері оқу-жаттығуға қатысушылардың дайындық деңгейінің қанағаттанарлық екенін көрсетеді.


ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімі